3500 жылдық мозаика табылды

Ушаклы күлтөбе қазбаларында 3500 жылдық мозаика табылды.

1706155
3500 жылдық мозаика табылды

Йозгаттың Соргун ауданына қарасты Үлкен Ташлык ауылындағы Ушаклы күлтөбе қазбаларында 3500 жылдық мозаика табылды.

Йозгатта 2008 жылы зерттеулері, 2012 жылы қазба жұмыстары басталған Ушаклы күлтөбесінде 3 мың 147 астан құралған мозаика табылды.

Қазба алаңында тексеру жүргізген Йозгат қалалық мәдениет және туризм директоры Хүсейін Чифтчи Ушаклыдағы қазба жұмыстарын Мәдениет болмыстары және мұражай бас дирекциясы, Италияның Пиза университеті және Бозок университетінің бірігіп жүргізгенін айтты.

Ол қазба жұмыстарында 3500 жылдық бір мозаика табылғанын білдірді. «Жүргізілген ғылыми жұмыстарда табылған мозаиканың әлем тарихында алғашқы мозаика екені анықталды. Тұңғыш мозаика екені құрылымынан да көрініп тұр» деді ол.

Пиза университеті оқытушысы және қазба жұмыстарының төрағасы Анаклето Дагостино да табылған мозаиканың біздің дәуірімізден бұрын 1500 жылдардан қалғанын атап көрсетті. Ол мозаиканың әлемдегі ең байырғы мозаика екенін айтып: «Хетт дәуірінің бір құрылымын бірлестіріп тұр. Грекияда да осындай мозаиклар кездестіреміз. Бірақ бұл мозаика ең ескісі» деді.



Ұқсас жаңалықтар