Түркияда мұражай саны артты
Түркия Статистика мекемесі 2020 жылдың «Мәдени мұра статистикаларын» жариялады.

Түркия көлемінде мұражай саны былтыр 2019 жылмен салыстырған 5,8 пайыз артты. Мұражай саны 494-ке жетті.
Осы мұражайлардың 205-і ТР Мәдениет және туризм министрлігі құрамында. 289-ы болса жеке мұражай категориясында.
Түркия Статистика мекемесі 2020 жылдың «Мәдени мұра статистикаларын» жариялады.
Осыған сәйкес, Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты мұражайлардағы экспонат саны былтыр алдынғы жылмен салыстырғанда 0,5 пайыз артты. Барлығы 3 миллион 278 мың 114 экспонат тіркелген.
Жеке мұражайлардағы жәдігер саны да осы мезімде 2 пайыз артып, 416 мың 706-ға жетті.
Мұражайлардың жауапкершілігіндегі тасымалданбайтын мәдени жәдігерлердің саны былтыр 2019 жылмен салыстырғанда 2,6 пайыз артып, 116 мың 120 болды.
Сонымен қатар Ұлттық саябақтардың саны да 2020 жылы 2019 жылға қарағанда 2,3 пайыз артты. Табиғат бағы да 1,2 пайыз артты.