Волейболшы қыздардың қарсыласы - Сербия

Түркия мен Сербия арасындағы жартылай финал матчы 3 қыркүйек жұма күні Белградта болады.

1701365
Волейболшы қыздардың қарсыласы - Сербия

Волейболдан әйелдер құрамасы 2021 Еуропа чемпионатының жартылай финалында Сербиямен ойнайтын болады.

Ширек финалда Франция құрамасын 3-1 жеңген Сербия Түркияның қарсыласы болды.

Түркия мен Сербия арасындағы жартылай финал матчы 3 қыркүйек жұма күні Белградта болады.

Соңғы екі чемпионатта да жеңіп шыққан Сербия командасы 2019 жылы Анкарадағы финалда Түркияны 3-2 есебімен жеңген болатын.

Еуропа чемпионатында екінші жартылай финалда Нидерланды мен Италия командалары жарысады.



Ұқсас жаңалықтар