Паралимпиадада Түркия медаль санын арттырды

Түркия спортшылары садақ атудан күміс медаль алды.

1699272
Паралимпиадада Түркия медаль санын арттырды

2020 Токио Паралимпиада ойындарында медаль саны жетіге жеткен Түркия ойындар тарихындағы медаль саны да 30-ға жеткізді.

Токио Паралимпиада ойындарының бесінші күнінде садақ атудан аралас командада Өзнур Жүре мен Бүлент Коркмаз жұбы Түркияға күміс медаль сыйлады.

Бұдан бұрын үстел теннисінде Али Өзтүрік, Несим Туран, Күбра Коркут, дзюдода Режеп Чифтчи, Зейнеп Челик және зілметірде Бесра Думан қола медаль алған еді.

Жапонияда бір күміс,  алты қола медаль алған Түркия ойындар тарихында алғашқы медалін 2004 жылы алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар