Дзюдодан қола медаль
Паралимпиададағы Түркияның алғашқы медалі келді.
1698325
2020 Токио Паралимпиада ойындарында ерлер арасында дзюдо 60 келіде Режеп Чифтчи қола медаль алды.
Nippon Budokan спорт залында болған жарыста түрік спортшы Түркияға паралимпиададағы алғашқы медалін сыйлады.
Режеп Чифтчи қола медаль үшін венесуэлалық қарсыласымен белдесті.
Матчты ТР Жастар және Спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу да тамашалады. Министр спортшыны бірінші болып құттықтады.