Паралимпиада ойындары басталды

Токиода XVI Жазғы паралимпиада ойындары басталды.

1696738
Паралимпиада ойындары басталды

Жапонияның бас қаласы Токиода XVI Жазғы паралимпиада ойындары басталды.

Коронавирус пандемиясы салдарынан бір жылға кешіктірілген организация Жапония Ұлттық стадионында ашылды.  Рәсімге 2020 Токио Олимпиада ойындарында болғаны секілді көрермен қабылданбады.

1964 жылдан кейін екінші паралимпиада ойындарын ұйымдастырған жалғыз қала Токиодағы жарысқа 161 ел және босқындар командасынан 4 мың 400-ден астам спортшы қатысып отыр. Стадионға алғашқы болып Босқындар паралимпиада спортшылар командасы кірді.

Паралимпиада ойындарында 13 спорт түрінде 86 спортшымен жарысатын Түркияның паралимпиада ұлттық құрамасының ең алдынғы шебінде Хавва Елмалы мен Мүжахит Гүнайдын түрік туын алып жүрді.

Талибан басып алғаннан кейін Токиоға келе алмаған спортшылардың атынан Ауғанстанның туын бір ерікті алып шықты.

Шеруден кейін Жапония императоры Нарухито 5 қыркүйек күні аяқталатын 2020 Токио Паралимпиада ойындарын ресми түрде бастады.



Ұқсас жаңалықтар