Малазгирт жеңісінің 950 жылдығы тойлануда

Чархо ауданындағы «Миллет» бағына «1071 Сұлтан Алпарслан Ахлат жұрты» құрылды.

1696344
Малазгирт жеңісінің 950 жылдығы тойлануда

Битлистің Ахлат ауданында 26 тамыз күні Малазгирт жеңісінің 950 жылдығы іс-шаралары салтанатты түрде басталды. 

«1071 Сұлтан Алпарслан Ахлат жұрты» құрылған Чархо ауданындағы «Миллет» (Ұлт) бағындағы салтанатта сөз сөйлеген губернатор Октай Чағатай 950 жыл бұрын бүгін Сұлтан Алпарсланның батыр ерлерімен Ахлатта жиналғанын және Малазгиртке өтіп, бұл жерлерді мәңгілікке отанға айналдырғанын айтты. 

Ахлат қала әкімі Абдүлалим Мүмтаз Чобан болса Сұлтан Алпарсланнан бастап, бүкіл ата-балаларға рақым тілей отырып, бұл тарихи сәтті әрқашан тірі сақтап қалатындарын мәлімдеді. 

Мехтер тобы концерт қойған мерекелік салтанатта Әуе күштері қолбасшылығының «Түрік жұлдыздары» акробаттық тобы жеңістің 950 жылдығына арнайы шоу көрсетті. 

Іс-шараға қызығушылық танытқан азаматтар «Түрік жұлдыздары» тобының шоуы мен аспанға бояулы тұманмен сызылған ай мен жұлдызды ұялы телефондарына түсіріп, тамашалады және қол шапалақтап қолдау көрсетті. 

Кейін Чағатай мен қасындағы қонақтар аймақтағы шатырларды аралап, қонақтарға «ашуре» (ашура) тағамы ұсынды. 



Ұқсас жаңалықтар