Паралимпиада басталмастан вирус жұқтырғандар саны артты
Паралимпиада келесі апта басталады.
1694246
Паралимпиада 2020 ойындарына аккредиттелген кісілердің арасынан коронавирус жұқтырғандар саны 74-ке жеткен.
Организация комитеті келесі аптада басталатын 2020 Паралимпиада ойындары шеңберінде қызмет ететін 16 кісіде ковид-19 анықталғанын жариялады.
Осылайша паралимпиадаға аккредиттелген кісілердің арасында вирус жұқтырғандар саны 74-ке жетті. Вирус анықталған кісілер карантинге алынды.
160 ел және аймақтан келетін 4 мың 400 спортшы 22 спорт түрінен жарысады. Ойын 24 тамыз – 5 қыркүйек күндері арасында өтеді.
8 тамыз күні аяқталған 2020 Токио Олимпиада ойындарында да 544 адам вирус жұқтырған болатын.