Олимпиада ойындарына барған адамдардың 430-ында вирус анықталды

Соңғы 24 сағатта вирус жұқтырған 26 адам арасында ойындарға қатысқан спортшы тіркелмеді.

1687405
Олимпиада ойындарына барған адамдардың 430-ында вирус анықталды

Жапонияда ұйымдастырылған «Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындарына» аккредиттелген адамдардан жаңа типтегі коронавирусты (ковид-19) жұқтырғандар саны 430-ға жетті.

Ұйымдастыру комитеті Токио-2020 ойындары үшін елге келген тағы 26 адамнан ковид-19 вирусы анықталғанын мәлімдеді.

Соңғы 24 сағат ішінде вирусты жұқтырған 26 адам арасында ойындарға қатысатын спортшы тіркелмеді.

Вирус жұқтырғандардың ойындар аясында қызмет ететін бір ресми лауазымдыға қоса келісімшартпен істейтін 16 жұмысшы және 5 журналист екені білдірілді.

Осылайша Токио Олимпиадасына аккредиттелген адамдар арасынан вирус жұқтырғандар саны 430-ға жетті.

Комитет вирус жұқтырған адамдардың карантинге алынғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар