Токио Олимпиадасында 148 кісі вирус жұқтырды

2020 Токио Олимпиадасына тіркелген адамдардан жаңа типті коронавирус індетін жұқтырғандар саны 148 кісіге көбейді.

1680548
Токио Олимпиадасында 148 кісі вирус жұқтырды

Жапонияда ұйымдастырылған 2020 Токио Олимпиадасына тіркелген адамдардан жаңа типті коронавирус індетін жұқтырғандар саны 148 кісіге жетті.

Организация комитеті 2020 Токио Олимпиадасы аясында елге келген тағы 15 кісінің Ковид-19 індетін жұқтырғаны анықталғанын жариялады.

Вирус жұқтырған 15 кісі арасында шетелден келген 3 спортшы да бар.

Спортшылардың Токио жағалау аймағы Харумидегі олимпиадалық ауданда тұрмағаны білдірілді. 

Ковид-19 індетін жұқтырғандар арасында 8 ресми лауазымды мен 4 келісімді қызметші бар.

Вирус жұқтырғандар карантинге алынды.

Осылайша 2020 Токио Олимпиадасына тіркелген адамдардан жаңа типті коронавирус індетін жұқтырғандар саны 148 кісіге көбейді.



Ұқсас жаңалықтар