Анталияға 9 күнде 563 мыңға жуық турист келді

Анталияға соңғы 9 күнде жарты миллионнан астам шетелдік турист келді.

1681017
Анталияға 9 күнде 563 мыңға жуық турист келді

Табиғи сулулығы, теңізі, тарихи, мәдени құрылымы және қабылдаған турист саны тұрғысынан «Туризм астанасы» деп аталатын Анталия шетел мен ел көлемінен келушілер үшін ыңғайлы демалыс мүмкіндігі ұсынады.

Әлемнің маңызды туристік бағыттарының бірі болып табылатын Анталия денсаулық тұрғысынан да қауіпсіз туризм мүмкіндіктерімен назар аударады.

Қалалық Мәдениет және туризм басқармасы мәліметтері бойынша 17-25 шілде аралығында 9 күндік кезеңде Анталия мен Газипаша әуежайларының халықаралық терминалына 2 мың 878 ұшақ қонды.

Анталияға Құрбан айт демалысы кезеңінде Ресейден 200 мың 356, Германиядан 76 мың 152, Украинадан 68 мың 663, Польшадан 28 мың 898 және Қазақстаннан 15 мың 917 турист болып барлығы 562 мың 907 шетелдік қонақ келді.



Ұқсас жаңалықтар