Немрут Кратер көлі әлемге таныстырылады

"Кемелділік жүлдесін" алған Немрут Кальдерасының Жаһандық геопарк желісіне алынуы үшін ЮНЕСКО-ға өтініш беру жоспарлануда.

1677094
Немрут Кратер көлі әлемге таныстырылады

Битлистің Татван ауданында табиғи көркемдігімен бірге ыстық және салқын көлдері, мұз үңгірлері және биологиялық түрлішеліктерімен аймақтағы маңызды туристік орталықтың бірі болған Немрут Кратер көлі мен төңірегі әлемге таныстырылады.

Жыл сайын мыңдаған жерлік және шетелдік туристі күтіп алатын биіктігі 2 мың 250 метрлік Немрут тауының БҰҰ Білім, Ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопрак желісіне еніп, бүкіл әлемге таныстырлуы үшін жұмыстар жалғасуда.

Аймақта зерттеу жүргізген мамандар таудың тас пен топырақ құрылымын, өсімдік жамылғысын, өсімдіктердің эндемикалық түрлерін және геоморфологиялық ерекшеліктерін анықтауда.

Негізінен аяқталған ғылми жұмыстар нәтижесінде дайындалған рапордта Еуропалық таңдамалы бағыттар жобасы бойынша "Кемелділік жүлдесін" алған Немрут Кальдерасының Жаһандық геопарк желісіне алынуы үшін ЮНЕСКО-ға өтініш беру жоспарлануда.

Жобаның мақұлдануымен аймақ туризміне үлкен есе қосқан Немрут Кратер көлін әлемге таныстыру мақсат етілуде.



Ұқсас жаңалықтар