НАТО-да 15 шілде фотосурет көрмесі ашылды

Елші Басат Өзтүрік көрменің беташарында Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде төңкеріс талпынысын ұмытпау үшін осындай бір көрме ұйымдастырылғанын айтты.

1676536
НАТО-да 15 шілде фотосурет көрмесі ашылды
nato 15 temmuz sergi.jpg
nato 15 temmuz sergi.jpg

Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО базасында "15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне" орай фотосурет көрмесі ашылды.

Фотосурет көрмесінің беташарына Түркияның НАТО-дағы тұрақты өкілі елші Басат Өзтүрік, НАТО Бас хатшысының орынбасары Байба Бразе, НАТО елдерінің тұрақты өкілдері, түрік әскери және дипломатиялық делегациясы лауазымдылары мен НАТО қызметкерлері қатысты.

Елші Басат Өзтүрік фотосурет көрмесінің беташарындағы сөзінде Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде төңкеріс талпынысын ұмытпау үшін осындай бір көрме ұйымдастырылғанын айтты.

Елші Басат Өзтүрік НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің төңкеріс талпынысын айыптаған және Түркиямен ұйымшылдық ішінде көрсеткен лидер болғанын, Бас хатшының  оқиғадан кейін Анкарада бомбаланған ТҰҰМ-не зиярат жасағанын білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар