Волейболдан ұлттық құрама Еуропа чемпионы атанды

Волейбол командасын президент Ердоған құттықтады.

1661878
Волейболдан ұлттық құрама Еуропа чемпионы атанды

Түркияның волейболдан ерлер арасындағы құрама командасы Бельгияда өткен 2021 CEV Еуропа Алтын лигасында Украина құрамасын 3-1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Түрік волейболшылар сегіз матчта та жеңіске жетті.  Жартылай финалда Эстония командасын, ақтық сайыста Украина командасын жеңді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа чемпионы атанған ұлттық құраманы құттықтады. «Еуропа Алтын лигасында бірінен соң бірі екінші рет чемпион болған ұлттық құраманы шын жүректен құттықтаймын» деді ол.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп пен вице-президент Фуат Октай да волейболдан ерлер құрамасын құттықтады. Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу да волейбол командасын құттықтады.

 



Ұқсас жаңалықтар