Германиядан түрік әуе көліктеріне мақтау келді

Германиядағы бір зерттеуде Түркия қарулы және қарусыз адамсыз әуе көліктерін өндіру, қолдану және сату саласында басты елдердің бірі болғаны білдірілді.

1657099
Германиядан түрік әуе көліктеріне мақтау келді

Германиядан түріктер жасаған қарулы және қарусыз адамсыз әуе көліктеріне мақтаулар келуде.

Неміс армиясына қарасты Қорғаныс және Стратегиялық зерттеулер институтының анализ рапортында Түркияның АҚШ, Израиль және Қытаймен бірге ең маңызды қарулы және қарусыз адамсыз әуе көліктерін жетілдірген және өндірген елдер арасына кіргені білдірілді.

Институт рапортында Түркия осы салада "Керемет бір секіру" көрсетіп, қарулы және қарусыз адамсыз әуе көліктерін өндіру, қолдану және сату саласында басты елдердің қатарына кіргені баяндалды.

Анализде жергілікті және ұлттық мүмкіндіктермен жетілдірілген  "Шағын KARGU-2" адамсыз әуе көлігінің Ливияда нысананы күйреткеніне назар аударылды.

"KARGU-2" адамсыз әуе көлігінің нысананы жасанды ақылмен күйреткені, мұның қарулы адамсыз әуе көлігінің дұшпан жайлы киім, қару немесе соғыс көліктері сияқты мәліметтермен қамдалуы арқылы мүмкін екеніне меңзелді.



Ұқсас жаңалықтар