Фатма Дамла Алтун чемпионатта 2 алтын медаль алды

17 жастағы Ұлттық спортшы Еда Йылдырым әлемдік чемпионатта алтын медаль алған ең жас спортшы атағын да  алды.

1657095
Фатма Дамла Алтун чемпионатта 2 алтын медаль алды

Польшаның Быдгощ қаласында ұйымдастырылған VIRTUS Жеңіл атлетика әлем чемпионатында 5 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль жинаған Арнайы Спортшылар Әйелдер Жеңіл атлетика Ұлттық құрамасы тарихындағы тұңғыш табысымен әлем чемпионы болды. 

Түркия Арнайы Спортшылар Спорт Федерациясынан жасалған мәлімдемеде Есра Байрак, Мухсине Гезер, Еданұр Акын, Михрибан Кокмаз, Еда Йылдырым және Фатма Дамла Алтуннан құралған Арнайы Спортшылар Әйелдер Жеңіл атлетика Ұлттық құрамасы чемпионатта 4/400 метр жарысында команда бойынша бірінші болып, Түркияға алтын медаль әкелді.

Ұлттық спортшы Еда Йылдырым  найза лақтыруда бірінші болып, алтын медаль алды. 

17 жастағы Ұлттық спортшы Еда Йылдырым әлемдік чемпионатта алтын медаль алған ең жас спортшы атағын да  алды.

Фатма Дамла Алтун чемпионатта 2 алтын, 1 күміс, бір қола медальдың иегері болды. 



Ұқсас жаңалықтар