Амазонның құрушысы ғарышқа кетеді

Үшінші жолаушы үшін аукцион өткізілді.

1653317
Амазонның құрушысы ғарышқа кетеді

Американың э-сауда алпауыты Амазонның құрушысы Джефф Безос өзінің «Blue Origin» компаниясы ұйымдастыратын алғашқы рейспен келесі ай ғарышқа баратынын хабарлады.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі есебінен «5 жасымнан бері ғарышқа баруды армандап келемін. 20 шілде күні бауырыммен бірге осы сапарға шығамыз» деп жазды.

Осы сапарда ғарышқа баратын үшінші кісі үшін аукцион ұйымдастырылды. Аукционға 143 елден шамамен алты мың адам қатысты.  Ұсыныс 2,8 миллион долларға жетті. Бұл табыс компанияның фондына аударылады.



Ұқсас жаңалықтар