Африканың қауіпсіздігі брондалған түрік әскери техникасына аманат

Түрік бронды құрлық техникасы көліктер Африканы қатты қызықтыруда.

1651262
Африканың қауіпсіздігі брондалған түрік әскери техникасына аманат

Түрік қорғаныс өнеркәсібі саласында бронды әскери көлік өндіруші компанияларының соңғы кездері Африкада жеңіп алған тендеріне Кениядан 118 жаңа брондалған әскери көлік тапсырысы қосылды.

Кения Қорғаныс министрлігі ашқан 118 брондалған техниканы сатып алу бойынша тендерді «Катмерджилер» (Katmerciler) компаниясы ұтып алды.

Katmerciler Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Фуркан Катмерджи қорғаныс өнеркәсібінде Кенияға бағытталған процестің шамамен 2 жылға созылғанын мәлімдеді.

Жылдам 4x4 тактикалық доңғалақты бронды әскери көлігінің бүкіл Африкада қызығушылық танытқанын білдірген Катмерджи Африка нарығындағы кеңеюдің жалғасып жатқанын түсіндірді.

Катмерджи «Біз қадағалайтын кәсіптер бар. Көліктеріміз Африкада қолданылған сайын танымалдығы артқан сайын экспорттық жаңалықтарымыз да көбейеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар