Эверест шыңына шығу рекорды жаңаланды
Гонконгтік 45 жастағы мұғалім әйел Цанг Ин-Ханг орталықтан шыңға 25 сағат 50 минутта шығып, "Эверестке ең жылдам шыққан әйел" атағын алды.
Непал мен Қытай шекарасындағы әлемнің ең биік шыңы Эверест тауына шыққан ең қарт адам америкалық Артур Мюир мен ең жылдам шыққан гонконгтік әйел Цанг Ин-Ханг таудан аман-есен түсті.
Sputnik-тің хабарына қарағанда осы айдың басында шыңға шыққан 75 жастағы зейнеткер адвокат Артур Мюир Эверестке шыққан басқа бір америкалық 67 жастағы Билл Берктің рекортын жаңалады.
Гонконгтік 45 жастағы мұғалім әйел Цанг Ин-Ханг орталықтан шыңға 25 сағат 50 минутта шығып, "Эверестке ең жылдам шыққан әйел" атағын алды.
Америкалық Артур Мюир мен ең жылдам шыққан гонконгтік әйел Цанг Ин-Ханг таудан аман-есен оралды.Тау туризмінен ел экономикасы мол есе қосқан Непал жаңа типті коронавирус індетінің әсеріне ұшыраған туризмді жандандыру мақсатымен биыл 48 альпинистің Эверест тауына шығуына рұқсат берді.