НАСА Қытайды жауапкерсіздікпен айыптады

Қытайдың Long March 5B зымыраны Тынық мұхитында Мальдив аралдарының маңына құлаған болатын.

1636995
НАСА Қытайды жауапкерсіздікпен айыптады

АҚШ Ұлттық Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы НАСА зымыраны Тынық мұхитына басқарусыз түрде құлаған Қытайды "стандарт жауапкерлігін орындамады" деп сындады.

НАСА басшысы Билл Нельсон әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде:

"Ғарышқа сапар шеккен елдердің Жер шарына қайтқан көліктерінің қалдықтары адамдарға және мал-мүлікке қаупін азайтуы керек. Қытай ғарыш қалдықтарына байланысты қалыпты жауапкерлігін орындай алмады" деді.

Қытай Ғарыш стансасының зымыран модулін орбитаға жеткізу үшін 29 сәуірде ғарышқа  жолданған және басқарудан шыққан  Long March 5B зымыраны Тынық мұхитында Мальдив аралдарының маңына құлаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар