Майкл Джорданның формасы 1.38 миллион доллар

Майкл Джорданның Баскетбол лигасында киген формасы аукционда 1.38 миллион долларға сатылды.

1637016
Майкл Джорданның формасы 1.38 миллион доллар

Танымал баскетболшы Майкл Джорданның Америка Университет спорттары федерациясы ерлер Баскетбол лигасында киген формасы аукционда 1.38 миллион долларға сатылды.

"Heritage Auctions" аукцион үйінің интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде  Майкл Джорданның Америка Университет спорттары федерациясы (NCAA) ерлер Баскетбол лигасында "жылдың үздік спортшысы" болып сайланған 1982-1983 жылғы маусымда киген Солтүстік Каролина университетінің формасы үшін 13 сәуірде аукцион ұйымдастырылды.

1984 Америка Баскетбол лигасында (NBA) 3-ші қатардан таңдалған Chicago Bulls-та 6 мәрте чемпион болған Майкл Джордан лига тарихындағы ең үздік спортшы деп қабылданды.

Белсенді спорттық өмірінде сансыз табысқа жеткен 58 жастағы Майкл Джордан 2010 жылдан бері NBA командаларынан Charlotte Hornets-тің көпсанды үлесіне ие. 



Ұқсас жаңалықтар