Түркияның екі мұражайына Еуропадан жүлде

Екі мұражай Жылдың мұражайы атағын алды.

1636133
Түркияның екі мұражайына Еуропадан жүлде

Түркиядағы екі мұражай Еуропада Жылдың мұражайы арнайы жүлдесін жеңіп алды.

Бұл маражайлар – Троя мұражайы мен Одунпазары Заманауи мұражайлары.

ТР Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша,  Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен Еуропа Мұражай форумы тарапынан жыл сайын берілетін «Еуропа Жылдың мұражайы жүлделері» иелеріне тапсырылды.

Бұл байқау коронавирус пандемиясы салдарынан өткен жылы ұйымдастырылмаған болатын. 2020 және 2021 жылдар үшін жүлдеге лайық деп табылған мұражайлар кеше онлайн түрде жарияланды. Түркияда Чанаккаледегі Троя мұражайы 2020 жыл үшін, Ескишехир қаласындағы Одунпазары Заманауи мұражайы 2021 жыл үшін «Еуропа Жылдың мұражайы арнайы жүлдесін» алды.

Байбурт Кенан Явуз Этнография мұражайы да осы байқауда «2021 Silletto жүлдесін» алуға лайықты деп табылды.

 



Ұқсас жаңалықтар