Алғаш танк моторы "от алдыру" сынағынан сүрінбей өтті

Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир мәлімдеме жасады.

1634577
Алғаш танк моторы "от алдыру" сынағынан сүрінбей өтті

Танк, әртүрлі бронды машина мен техникаларға арнап жетілдірілген алғаш 1500 ат күшіндегі мотор «BATU»-ді (БАТУ) от алдыру сынағы сәтті өтті.

Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир Твиттер аккаунтынан хабарлама жасап, қорғаныс өнеркәсібінің мотор технологиясында да басқан нық қадамдармен алға жылжып келе жатқанын мәлімдеді.

Демир «Танк, бронды машина мен техникаларға арналған BMC Power тарапынан жетілдірген алғаш 1500 ат күшіндегі моторымыз «БАТУ»-ді от алдыру сынағы сәтті өтті. Өзіміздің инженерлері жасайды» деді.

Демир хабарламасында алғашқы от алдыру бейне көріністеріне де орын берді.



Ұқсас жаңалықтар