Кануни Сұлтан Сүлейманның суреті Стамбұлға келеді

"Ислам әлемі және Үндістан өнері" атты аукционда сатылған суреттің 15 күн ішінде Стамбұлға әкелінуі күтілгені білдірілді.

1632458
Кануни Сұлтан Сүлейманның суреті Стамбұлға келеді

Ұлыбританиядағы мұражай үйі Sotheby's-дің мәлімдемесінде аукционда 350 мың стерлинге сатылған Кануни Сұлтан Сүлейманның суреті мұраны алушы тарапынан Стамбұл Қала әкімшілігіне бағышталғаны хабарланды.

Стамбұл Қала әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде 31 наурызда ұйымдастырылған "Ислам әлемі және Үндістан өнері" атты аукционда сатылған суреттің 15 күн ішінде Стамбұлға әкелінуі күтілгені білдірілді.

19-шы ғасырдан бері француз бір отбасында тұрған Кануни Сұлтан Сүлейманның суретінің 16-шы ғасырда италиян суретші Кристофано дель Альтиссимо тарапынан салынғаны мөлшерленуде.

Аукцсионда 60 мың стерлиннен сатуға ұсынылған сурет 350 мың стерлинге аты-жөні жасырылған кісі тарапынан сатып алынған. 

Стамбұл Қала әкімшілігі аукционнан 1200 жылдық Зухруф сүресінің және 1100 жылдық Маиде сүресінің қолжазбаларын, 700 жылдық Құран Кәрім беттерін, Месневи мен Бахаеддин Веледтің Ибтида-Наме атты есерін сатып алған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар