Түркияға келген шетелдік турист саны артты

Түркия осы жылдың алғашқы 3 айында 2 миллион 689 мың турист күтіп алды.

1631564
Түркияға келген шетелдік турист саны артты

Мәдениет және туризм министрлігінің статистикалық көрсеткіштеріне қарағанда Түркияға келген туристтердің 1 миллион 953 мың 86-сы шетелдік туристтер болса, 736 мың 900-і шетелде өмір сүрген түрік азаматы. 

Түркия туризмнен алғашқы үш айда  2 миллиард 452 миллион 213 мың долларлық кіріс түсірді.  

Осы мерзімде Түркияға ең көп турист жіберген ел 395 мың 915 адаммен Ресей Федерациясы болды.

Ресейден кейін 152 мың 923 адаммен Иран екінші, 130 мың 897 адаммен Германия үшінші орын иеледі.  

 



Ұқсас жаңалықтар