Таха Акгүл алтын медаль алды

Әйгілі түрік балуан Таха Акгүл  ресейлік қарсыласы Сергей Козыревті жеңіп, алтын медаль алды.

1626063
Таха Акгүл алтын медаль алды

Әлем чемпионы аталған түрік палуаны Таха Акгүл орыс палуаны Сергей Козыревті жеңіп, алтын медаль алды. 

Польшада өткен күрестен Еуропа чемпионатында 125 келідегі  Таха Акгүл бірінші тур қайталау сайыстарында әлем чемпионы грузин Гено Петриашвилиді 6-1 есебімен жеңді. Таха ширек финалда поляк Камил Томаш Косчиолекті 6-1 есебімен жеңді. Таха Акгүл жартылай финалда беларусь Дзянис Храмьянкумен жарысты. Қарсыласын 4-0 жеңген Олимпиада чемпионы түрік балуан финалға көтерілді.

Түрік палуан Таха Акгүл  финалда 7 Еуропа чемпиондығы бар ресейлік Сергей Козыревті 9-2 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған, Президент орынбасары Фуат Октай, Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу, Республика Халық Партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу Таха Акгүлді жеңісімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар