НАСА-ның Марстағы тікұшағы табыспен ұшты

НАСА Қызыл ғаламшарға жолдаған "Ingenuity" атты шағын тікұшағы ұшу мен қону жұмысын табыспен орындады.

1624379
НАСА-ның Марстағы тікұшағы табыспен ұшты

АҚШ Ұлттық Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы НАСА-ның Марстағы "Ingenuity" атты барлау тікұшағы алғаш рет табыспен ұшты.

НАСА барлау көлігі  "Perseverance" арқылы Қызыл ғаламшарға жолдаған салмағы 1.8 килограмдық "Ingenuity" атты шағын тікұшағы ұшу мен қону жұмысын табыспен орындады. 

Ұшу барысы Калифорниядағы орталықтан басқарылды.

Шағын тікұшақтың көріністері халықпен бөлісілді.

НАСА Марсқа жолдаған «Perseverance» атты барлау көлігі  2020 жылы 30 маусым күні Флоридадағы платформадан ұшырылған соң шамамен 7 айда 470 миллион шаршы метрлік сапарының артынан 20 ақпан күні Марстың бетіне табысты түрде қонған болатын.

НАСА-ның Калифорниядағы «Jet Propulsion» зертханасында жасалған және плутоний отынымен жұмыс істейтін Perseverance қазірге дейін Марсқа жіберілген көлік құралдарының ең озық технологиялық ерекшеліктеріне ие.



Ұқсас жаңалықтар