Садык Ахмет туралы фильм түсіріледі

Фильмнің таныстырылымын TRT бас директоры Ибрахим Ерен жариялады.

1624172
Садык Ахмет туралы фильм түсіріледі

Түркия Телерадио корпорациясы TRT Батыс Фракия түріктерінің еркіндік пен құқық күресінің лидері,  Комотинилік дәрігер және саясат қайраткері Садык Ахметтің өмірбаяны туралы фильм түсіреді.

Фильмнің таныстырылымын TRT бас директоры Ибрахим Ерен жариялады. Ол «Батыс Фракия түріктерінің құқық және еркіндік күресінің лидері, марқұм Др. Садык Ахметтің өмірін баяндайтын фильмнің жұмыстарын бастадық.  Грекияның қысымшыл саясатына қарсы Др. Садык Ахметтің күресі ешқашан ұмытылмайды.  Рухы шат болсын!» деп жазды.

Фильмнің түсірілімі тамыз айында басталады. 2022 жылдың наурыз айында көрерменнің назарына жол тартады.

Садык Ахметтің өмір жолы туралы фильм Стамбул,  Солтүстік Македония және Бельгияда түсіріледі.



Ұқсас жаңалықтар