Түрік ғалымдар кесірткенің жаңа түрін тапты

"Тарақ аяқты кесірткелер" тобына жататын жаңа бір түр деп бағаланған кесірткеге "Acanthodactylus ilgazi" аты берілді.

1619891
Түрік ғалымдар кесірткенің жаңа түрін тапты

Түрік ғалымдардың морфологиялық және молекулалық зерттеулерінің нәтижесінде "Тарақ аяқты кесірткелер" тобына жататын жаңа бір түр деп бағаланған кесірткені "Acanthodactylus ilgazi" атымен тіркеуге алды. 

Гумушхане университеті Келкит Денсаулық сақтау қызметтері кәсіптік институтының Медицина қызметтері мен техникалары кафедрасындағы доктор Муаммер Курназ табиғат суретшісі Булент Карадагтың әлеуметтік желіде бөліспен бір кесіртке суреті назарын аударуына орай онымен байланыс жасайды.

Карадагдан суреттің Малатияның Языхан ауданында түсірілгенін естіген Курназ Караманоғлу Мехметбей университеті Биология кафедрасының зерттермені доктор Мехмет Куршат Шахинмен бірге зерттеу жасау үшін аймаққа барады.

Курназ бен Шахин морфологиялық және молекулалық зерттеулерінің нәтижесінде "Тарақ аяқты кесірткелер" деп танылған "Acanthodactylus" тобындағы жаңа бір түр ретінде бағалаған кесірткені "Acanthodactylus ilgazi" деп атайды. 



Ұқсас жаңалықтар