Түрік тілі емтиханына өтінім қабылданады

Емтихан шетелдегі YEE орталықтары мен Түркияда бірдей уақытта болады.

1616850
Түрік тілі емтиханына өтінім қабылданады

Юнус Эмре институты (YEE) осы жылдың 29 мамырында өткізілетін Түрік тілі емтиханына (TYS) өтініштер 30 сәуірге дейін YEE веб-сайтында қабылданатынын хабарлады.

Институттың хабарлауынша, жылына үш мәрте өткізілетін емтихан шетелдегі YEE орталықтары мен Түркияда бірдей уақытта болады.

Түрік тілін екінші немесе шет тілі ретінде үйренушілердің деңгейін өлшеуге арналған түрікше аттестация емтиханына 16 жастан асқан барша қатыса алады.

Үш отырыс бойынша өтетін емтиханда оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу қабілеттері тексеріледі. Бұл емтиханның қорытындысы қатысушылардың Түркиядағы университеттерге қабылдануына да жеңілдік береді. Осы емтиханда құжат алған талапкерлер Түркиядағы университеттерде дайындық курсын оқымайды. Осы құжат Түркияда немесе халықаралық компанияларда жұмыс істеу, аудармашы болу немесе түрік тілі мұғалімі болғысы келетіндерге де артықшылық сыйлайды.

Биылғы емтихан үшін өтінім 30 сәуір күніне дейін қабылданады. Өтінімдерді sinav.yee.org.tr ардесінен беріге болады. Ал емтихан туралы барлық мағлұматтар  tys.yee.org.tr адресінде қолжетімді.



Ұқсас жаңалықтар