Бодрумда 2400 жылдық мұра табылды
Министр Ерсой Мугланың Бодрум ауданында табылған 2400 жылдық тарихи мұраның Бодрум Су асты Археология мұражайында көрмеге қойылатынын айтты.

Мәдениет және Туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Мугланың Бодрум ауданында 2400 жылдық тарихи мұра табылған аймақты қорғайтын шаралар жасалғанын, мұралардың Бодрум Су асты Археология мұражайында көрмеге қойылатынын хабарлады.
Министр Ерсой аймақта бір құрылыс қазбасында табылған және Бодрум Қамалы Су асты Археология мұражайы басқармасы тарапынан қазба жұмысы басталған мазар алаңындағы мұраларға байланысты Твиттер желісінен мәлімдеме жасады.
Министр Ерсой мәлімдемеде:
"Бодрумда біздің заманымыздан бұрынғы 4-ші ғасырға тіркелген 15 мазар мен көптеген мұра жөнінде мұқият жұмыстанудамыз. Аймақ уақытша жабылды және мұраларды қорғау шаралары жасалды. Мұраларды Бодрум Су асты Археология мұражайында көрмеге қою жұмыстары жалғасуда" деді.
Ұқсас жаңалықтар

Түрік балуан Сүлейман Атлы Еуропа чемпионы атанды
Түрік балуан Сүлейман Атлы ресейлік қарсыласы Начын Монгушты жеңіп, алтын медаль алды.