Велосипед турнирі басталады

Велосипед турнирінің 56-шысы үшін санаулы уақыт қалды.

1612989
Велосипед турнирі басталады

Түркияның ең беделді спорттық организацияларының бірі  - президенттік Велосипед турнирінің 56-шысы үшін санаулы уақыт қалды.

Коронавирус эпидемиясына байланысты былтыр өткізілмеген турнир биыл болады.  56-шы Президенттік Велосипед турнирі 11-18 сәуір күндері аралығында өткізіледі.

Әлемге танымал велошабандоздар биыл Ішкі Анадолы, Жерорта теңізі және Эгей аймақтарында педал тебеді.

Турнирдің сатылары мен қашықтығы мынадай:

1. саты: Невшехир-Каппадокия (167,3 км)

2. саты: Кония-Кония (144,9 км)

3. саты: Бейхешир-Алания (212,6 км)

4. саты: Aлания-Kемер (184,4 км)

5. саты: Kемер-Элмалы (Гөүбелі) (160,3 км)

6. саты: Фетхие-Mармарис (129,1 км)

7. саты: Mармарис-Tургутреис (180 км)

8. саты: Бодрум-Кушадасы (160,3 км)

Жарыста 26 елдің 176 велошабандозы бақ сынайды.



Ұқсас жаңалықтар