6 мың жылдық тұз өндіру алаңы табылды

Археологиялық табыспен бірге аймақ Батыс Еуропадағы ең ескі тұз өндіріс алаңдары қатарына кірді.

1613153
6 мың жылдық тұз өндіру алаңы табылды

Ұлыбританияның Солтүстік Йоркшир штатында  Неолит дәуірінен қалған 6 мың жылдық тұз өндіру алаңы табылды.

Табылған тұз алаңының Ұлыбританияда қазірге дейін анықталған ең байырғы тұз өндіріс алаңы екені білдірілді.

Археологиялық табыспен бірге аймақ Батыс Еуропадағы ең ескі тұз өндіріс алаңдары қатарына кірді.

Лофтус қалашығы маңындағы бір ауылдағы қазбада үш ошақ, ыдыс-аяқтың сынықтары, тұз іздері, тас мұралар және бір қойма шұңқыры табылды. Осы табыстар тұздың аймақта өңделгеніне дәлел ретінде көрсетілді.

Археолог Steve Sherlock:

"Осы табыс Неолитикалық дәуірде адамдардың ферма құру, тамақ дайындау және пісіру қабілетіне деген көзқарасымызды өзгертуде" деді.

Бірлескен Корольдік шекарасы ішінде бұрын анықталған ең байырғы тұз өндіріс алаңы Біздің ғасырымыздан бұрынғы 1400 жылға созылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар