Кануни Сұлтан Сүлейманның суреті 350 мың стерлинге сатылды

Османлы падишасы Кануни Сұлтан Сүлейманның суреті 350 мың стерлинге (4 миллион түрік лирасы) сатылды.

1612379
Кануни Сұлтан Сүлейманның суреті 350 мың стерлинге сатылды

Ұлыбританиядағы аукцион үйі Sotheby's ұйымдастырған аукционда Османлы падишасы Кануни Сұлтан Сүлейманның суреті 350 мың стерлинге (4 миллион түрік лирасы) сатылды. 

Sotheby's аукцион үйінің отырысы кеше онлайн және телефон арқылы өткізілді.

"Ислам әлемі мен Үндістан өнерлері" тақырыпты 183 мұрадан құралған коллекцияның 58-ші кезегіндегі Канунидің суреті 60 мың стерлиннен саудаға салынды.

Ұсыныстар бойынша бағасы арттырылған мұра 350 мың стерлинге сатылды.

Суретті сатып алушының аты-жөні жарияланбады. 

Суретті сатып алуды салығымен бірге 438 мың стерлин төлейді.

Османлы падишасы Кануни Сұлтан Сүлейманның қызы Михримах Сұлтанның 17-ші ғасырда салынған суреті 60 мың стерлинге сатылды.



Ұқсас жаңалықтар