SN11 типті ғарыш көлігі сынақта жарылды

SN11 типті ғарыш көлігі табысты түрде ұшырылғаннан кейін қонатын кезінде жарылған.

1611587
SN11 типті ғарыш көлігі сынақта жарылды

Америкалық іскер Илон Маск құрушысы болған SpaceX компаниясына қарасты  Starship SN11 типті ғарыш көлігі 4-ші сынағында жарылды.

АҚШ-тың Тексас штатының Камерон қаласындағы SpaceX компаниясы базасында жасалған және тікелей эфирде таратылған сынақ кезінде SN11 типті ғарыш көлігі табысты түрде ұшырылғаннан кейін қонатын кезінде жарылған.

Компания лауазымдылары жарылысқа байланысты қысқаша түсінік бергеннен кейін эфирді тоқтатты.  



Ұқсас жаңалықтар