Түркия қорғаныс өнеркәсібі мықты дамуда

Исмайл Демир қорғаныс өнеркәсібінің мықты қадамдарымен назар аударғанын жеткізді.

1610773
Түркия қорғаныс өнеркәсібі мықты дамуда

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмайл Демир түрік қорғаныс өнеркәсібі мықты қадамдарымен әлемде назар аударылған мәртебеге көтерілгенін айтты.

Демир видео конференция арқылы Стамбұл Йылдыз техникалық университеті Қорғаныс өнеркәсібі технологиялары қоғамы ұйымдастырған Қорғаныс өнеркәсібі саммитінде баяндама жасады.

Қорғаныс өнеркәсібінде Түркияның жергілікті өнімдері көбейген сайын тәуелсіздік пен келіссөз күшінің артатынын тілге тиек еткен Демир сыртқы саясатта Түркияның аймағында көшбасшы күш екені барған сайын қабылдана бастағанын білдірді.

Исмайл Демир қорғаныс өнеркәсібінің мықты қадамдарымен назар аударғанын жеткізді.

Демир Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде технологияны импорт ететін емес, экспорт ететін  елге айналу жолында мығым қадамдар басқанын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар