Элвис Преслидің гитарасы 500 мың долларға сатылды

Швецияның Альмадален қаласында 1968 жылы қаңтарда жасалған гитара сол жылы ақпан айында Элвис Преслиге жолданған.

1610121
Элвис Преслидің гитарасы 500 мың долларға сатылды

Рок-н-ролл королі америкалық әнші Элвис Преслидің Швецияда жасалған гитарасы 500 мың долларға сатылды.

Элвис Преслидің 2003 жылы АҚШ-да өткізілген аукционда 29 мың 375 долларға сатылған гитарасы АҚШ-та жаңа өткен аукционда 500 мың долларға сатылды.  

Сатып алушының аты-жөні жарияланбады.

Швецияның Альмадален қаласында 1968 жылы қаңтарда жасалған гитара сол жылы ақпан айында Элвис Преслиге жолданған.

Элвис Пресли 1977 жылы 16 тамызда 42 жасында қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар