"Адамзаттың сапары" 62 миллион долларға сатылды

"Адамзаттың сапары" атты кенеп суретті Дубаида тұратын француз азаматы Андрэ Абдоун сатып алды.

1607907
"Адамзаттың сапары" 62 миллион долларға сатылды

"Әлемдегі ең үлкен кенеп сурет" аталған ағылшын Саша Джафридің "Адамзаттың сапары" атты еңбегі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубаи қаласында 62 миллион долларға сатылды.

Аукционнан түскен кіріс балаларға байланысты қайырымдылық ұйымдарына бағышталатыны білдірілді. 

6 теннис алаңының үлкендігіндей мың 580 текшеметрге созылған "Адамзаттың сапары" атты кенеп суретті құраған 70 бөлектің барлығын Дубаида тұратын француз азаматы Андрэ Абдоун сатып алды. 

Гиннесс Рекордтар Кітабы тарапынан "Әлемдегі ең үлкен кенеп сурет" ретінде тіркелген еңбектің жаратушысы Саша Джафридің бұрынғы суреттерін сатып алғандар арасында Эва Лонгория, Пол Маккартни, Барак Обама қатарлылар бар.



Ұқсас жаңалықтар