Карнавал онлайн түрде өтеді

Халықаралық апельсин гүлі карнавалы 1-4 сәуір күндері өтеді.

1595096
Карнавал онлайн түрде өтеді

Адана қаласында 9-шы Халықаралық апельсин гүлі карнавалы 1-4 сәуір күндері өтеді. 

Карнавал комитетінің хабарламасына қарағанда, коронавирус сақтық шаралары жалғасқандықтан карнавалдың интернетте ұйымдастырылуына шешім берілді.

Биыл тоғызыншы рет өтетін карнавал 1 сәуір күні интернетте басталады. Онлайн отырыстар, жүлделі шаралар өткізіледі. Карнавалда костюм байқауы, апельсиннен түрлі тағамдар сайысы, жүгіруден жарыс, шахмат байқауы, жылдам жеу жарыстары ұйымдастырылады. Ал карнавалдың беташары мен концертіне болса шектеулі адам қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар