Қажылық үшін Ковид-19 вакцинасы шарт

Министрдің қажылар үшін Ковид-19 комиссиясын құруға бұйрық бергені білдірілді.

1593772
Қажылық үшін Ковид-19 вакцинасы шарт

Сауд Арабиясы биыл қажылық борышын өтеу үшін келетіндердің жаңа типті коронавирус індеті (Сovid-19) вакцинасын еккізуі негізгі шарт екенін хабарлады.

Сауд Арабиясының Указ газеті Денсаулық сақтау министрі Тевфик ер-Ребианың министрліктегі лауазымдыларға биыл қажылық борышын өтеу үшін келетіндердің жаңа типті коронавирус індеті (Сovid-19) вакцинасын еккізуі мәжбүрлік болатынын, бұл  қажыға келудің шарты екенін жеткізгенін білдірді.

Министр Ребиа Мекке, Мәдина және қасиетті мекендердегі денсаулық сақтау базаларында жұмыстанатын денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындау үшін ерте бастан дайындық жасалуын сұрады.

Сонымен бірге министрдің қажылар үшін Ковид-19 комиссиясын құруға бұйрық бергені білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар