Черчилльдің суреті 8.3 миллион стерлинге сатылды

"Аль-Кутубия Мешітінің мұнарасы" "Джоли отбасылық коллекциясы" тарапынан 8.3 миллион стерлинге аты-жөні жасырылған бір кісіге сатылды.

1593819
Черчилльдің суреті 8.3 миллион стерлинге сатылды

Оскар жүлдегері америкалық актриса Анджелина Джолидің коллекциясындағы Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилльдің суреті 8.3 миллион стерлинге, мөлшермен 85 миллион түрік лирасына сатылды.

BBC-дің хабарына қарағанда Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Черчилль салған  көріністі жалғыз сурет ретінде танымал "Аль-Кутубия Мешітінің мұнарасы" ("Tower of the Koutoubia Mosque") "Джоли отбасылық коллекциясы" тарапынан 8.3 миллион стерлинге аты-жөні жасырылған бір кісіге сатылды. 

Уинстон Черчилльдің АҚШ-тың бұрынғы президенті Франклин Делано Рузвельтке сыйға тартқан суретінде Марокконың Марракеш қаласында күннің батуы жанды түстермен суреттелген. 

Черчилльдің 1935 жылы Мароккоға алғашқы сапарында салған суретіне осының алдында 1.5 миллион стерлин баға берілген.

Джолидің бұрынғы күйеуі Брэд Питт 2011 жылы суретті актрисаға сыйлыққа берген. 



Ұқсас жаңалықтар