2 мың жылдық 4 дөңгелекті рәсім арбасы табылды

Рәсімге арналған көліктің темір, қола және қалайыдан жасалғаны білдірілді.

1592297
2 мың жылдық 4 дөңгелекті рәсім арбасы табылды

Италияның Помпей аймағында сөнген жанартау қалдықтары арасынан Рим дәуіре тән 2 мың жылдық 4 дөңгелекті рәсім арбасы табылды.

Италия Мәдениет министрлігі рәсім арбасының біздің ғасырымыздан кейінгі 79 жылы волькандық жарылыста көміліп қалған антикалық Помпей қаласы маңындағы аймақтан табылғанын және осы түрдегі жалғыз үлгі екенін хабарлады.

Помпей археологиялық қорғау алаңының бұрынғы директоры Массимо Осанна аймақта бұрын да тасымал көліктері табылғанын, алайда рәсімдерде қолданылған бір көліктің тұңғыш рет кездескенін айтты.

Арбаның темір, қола және қалайыдан жасалғаны білдірілді.

Мәдениет министрі Дарио Франческини Помпей қаласындағы қазбалардың жалғасатынын білдіріп:

"Помпей қаласы бізді таңырқатуда және бұл ұзақ жалғасады" деді.

Помпей антикалық қаласы БҰҰ Ғылым, Білім және Мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлем мұралары тізіміне енген.



Ұқсас жаңалықтар