Шахин мен Түрежиге Құрмет төсбелгісі беріледі

Ангела Меркель де қатысатын рәсімде түрік ғалымдар Угур Шахин мен Өзлем Түрежиге Германияның "Жұлдызды үлкен Құрмет төсбелгісі" беріледі.

1591586
Шахин мен Түрежиге Құрмет төсбелгісі беріледі

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті вакцинасын жетілдірген неміс биологиялық технология компаниясы BioNTech-тің құрушы ортағы Профессор доктор Угур Шахин мен жұбайы доктор Өзлем Түрежиге Германияда "Құрмет төсбелгісі" беріледі. 

Германия Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеде президент Франк-Вальтер Штайнмайер тарапынан 19 наурызда Президенттік сарайда ұйымдастырылатын және премьер-министр Ангела Меркель де қатысатын рәсімде түрік ғалымдар Угур Шахин мен Өзлем Түрежиге Германияның "Жұлдызды үлкен Құрмет төсбелгісі" беріледі.

Президент Франк-Вальтер Штайнмайер биыл тұңғыш рет өз қолынан беретін төсбелгіні BioNTech-тің құрушыларынан ғалым жұбайлардың медициналық зерттеу еңбектріне арналғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Угур Шахин мен Өзлем Түрежидің Ковид-19 індетін тосуға есе қосқанына меңзелді.

Мәлімдемеде:

"Олар m-RNA технологиялары саласында әлем көлемінде қабылданған құзыреттілік пен табанды еңбектерінің арқасында қысқа уақытта Ковид-19 індетіне қарсы вакцина жетілдірді және қабылдатты" деп көрсетілді.  



Ұқсас жаңалықтар