Токио Олимпиадалары төрайымы-Хашимото Сеико

Токио Олимпиадалары және Паралимпиада ойындары организация комитетінің төрайымдығына Хашимото Сеико тағайындалды.

1586397
Токио Олимпиадалары төрайымы-Хашимото Сеико

Токио Олимпиадалары және Паралимпиада ойындары организация комитетінің төрайымдығына Жапония Олимпиадаларының төрайымы Хашимото Сеико тағайындалды.

Бұрынғы төраға Мори Иошироның әйелдерге бағыттаған сөздерінің наразылық қозғауына орай отставкаға кетуінен кейін бұл міндетке 56 жастағы саясатшы  Хашимото Сеико тағайындалды.

Кабинет мүшелігі және Олимпиада төрайымдығынан отставкасынан кейін Хашимото ұйымдастырған баспасөз мәслихатында премьер-министр Суга Иошихиденің жаңа міндетіне қолдау бергенін айтты.

1984-1996 жылдары арасында 7 мәрте олимпиадаларға қатысқан Хашимото 4 мәрте қысқы ойында еліне өкілдік етті.

Хашимото Францияда ұйымдастырылған 1992 Албертвилле Қысқы ойындарда 1500 метр конькиде қола медаль алды. 

Саяси салаға 1995 жылы қосылған Хашимото 2019 жылы Әйелдерді күшейту және жыныстық теңдікке жауапты Мемлекеттік министр болып сайланды.  



Ұқсас жаңалықтар