Түркия Пошта-жеделхат ұйымына "А категория" сапа сертификаты берілді
Дүниежүзілік пошта одағы ТПҰ-ға қызмет көрсетудің ең жоғарғы сертификатын берді.
Түркия Пошта-жеделхат ұйымы (ТПҰ) Дүниежүзілік пошта одағынан (ДПО) «А категория» қызмет көрсетудің халықаралық сертификатын алды.
ТПҰ жасаған мәлімдемеге қарағанда ДПО тәуелсіз сарапшылары компанияның қызмет сапасын «A категория (Алтын категория)» сертификатымен құжаттады.
ТПҰ-ның пошта қызметін жаңарту туралы шешімдер қабылдауы және қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды табысты түрде жүзеге асыруы, ең жоғары сапалы қызмет сертификатын алуға мүмкіндік берді.
Аталмыш бағалау бағдарламасына 2012 жылы қатысқан ТПҰ 2012-2016 жылдар аралығындағы бағалау кезінде «күміс категория» қызмет сапасының сертификатын алған болатын.
Компания ұйымдастыру жүйесіндегі жетістігі және операциялық процедураларды жетілдірудегі талпынысы арқасында 2020-2023ж. кезеңі үшін қызметтерді сертификаттаудың ең жоғары деңгейіне ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Тәтті мереке: түрік баклавасы Бакуде таныстырылады
Түркияның әлемге әйгілі түрік баклавасы 15 желтоқсан күні Әзербайжанда таныстырылады.
Дәстүрлі «тулум» аспабы ЮНЕСКО-ның тізімінде
Бұл туралы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді.