"Tienvin-1" Марстың орбитасына кірді

Жер шарынан 2020 жылы 23 шілдеде айырылған "Tienvin-1"  202 күн ұшты.

1581246
"Tienvin-1" Марстың орбитасына кірді

Қытайдың бақылау көлігі "Tienvin-1" Жер шарынан шығуынан 7 ай өткенде Марстың орбитасына кірді. 

Қытай Ұлттық Ғарыш басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда "Tienvin-1"  Марсқа жақындағаннан кейін жылдамдығын азайтып, Марс бетінен 400 километр алыстағы орбитаға кірген.

Марстың гравитациялық өрісіне жеткен бақылау көлігі осы сатыда түріше орбиталарды реттеу әрекеттері арқылы мамыр немесе маусым айларында Марс ғаламшарына қону үшін лайықты жер табады.

"Tienvin-1" серігінің "орбиталық модулі", "Марс қону модулі" және  "жер үсті құралы" жабдықтары бар. 

Бақылау көлігімен байланыс елдің солтүстігіндегі Тианжин қаласындағы бір радио телескоп арқылы мөлшермен 10 минуттық кешігумен қамдалуда. 

Жер шарынан 2020 жылы 23 шілдеде айырылған "Tienvin-1"  202 күн ұшты. 

Осы барыста 4 мәрте орбитаны реттеген көлік 475 миллион километр жол басты.   



Ұқсас жаңалықтар