Қоладан алқа тақты

Түрік спортшы тау шаңғы спортынан қола медаль алды.

1580978
Қоладан алқа тақты

Тау шаңғы спортынан ұлттық құраманың мүшесі Сыла Кара Болгарияда өткен Халықаралық Шаңғы федерация кубогында қола медаль алды.

Түркия Шаңғы федерациясының хабарламасына қарағанда, Болгарияның Банско шаңғы орталығында өткен Халықаралық Шаңғы федерациясының кубогының екінші күнінде Әйелдер арасындағы слалом жарысында түрік спортшы Сыла Кара қоладан алқа тақты.

Осы жарыста сайысқан Джерен Йылдырым болса төртінші орын алды.

Ерлер категориясында Дерин Беркин алтыншы орын,  Керек Хаймана болса он бірінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар