Арарат тауына өрмелеуге рұқсат берілді

Теңізден 5 137 метр биік Арарат тауы – Түркияның ең биік жері.

1577489
Арарат тауына өрмелеуге рұқсат берілді
dagci.jpeg
agri dagi.jpg

Түркия және әлемде альпинизм мен туризм тұрғысынан маңызды Арарат тауы алты жылдан кейін өрмелеу үшін қайтадан ашылды.

Теңізден 5 137 метр биік Арарат тауы – Түркияның ең биік жері.

Агры акиматының ұйымдастыруымен тау етегінде ұйымдастырылған бағдарламада сөз сөйлеген әкім Осман Варол Арарат тауының әлемдегі танымал жерлер арасында екенін айтты. Ол 2015 жылдан бері террорлық лаңкестіктер салдарынан таудың өрмелеуге ресми түрде жабық болғанын еске салды. Енді ғалымдардың зерттеу жүргізіп, табиғат сүйер қауымның да өрмелеуге шығуына болатынын білдірді.

Варол Арарат тауының рухани мағынада діни тұрғыдан да маңызды екенін атап көрсетіп, кейбір азаматтардың осында рухани рәсім үшін келетіндерін еске салды.

Түркия Альпинизм федерациясы төрағасы Проф. Ерсан Башар да таудың өрмелеу үшін ашылғанына қуанғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар