АҚШ журналында Ататүрікке мақтау айтылды
Мақалада Мұстафа Кемал Ататүріктің әскери лидерлігінің бір ғасыр өткеннен кейін де жол көрсетіп отырғаны дәріптелді.
1574665

АҚШ Құрлық күштеріне қарасты Military Review журналында Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің әскери лидерлігі мақталды.
Журналдың соңғы санында Майор Эрик Вендити атымен жарияланған мақалада Ататүріктің 1915 жылғы Чанаккале соғысындағы лидерлігіне назар аударылды.
Ататүріктің соғыстың шешуші кезеңдерінде өте дұрыс шешім жасағаны атап көрсетілді.
Мақалада Мұстафа Кемал Ататүріктің: "Сізге соғысуды емес, өлуді бұйырамын! "деген сөзі ескертіліп, әскерлеріне нақтылы бір бағытты және әрекет жасауды қамдайтын жігер бергені білдірілді.
Мақалада Чанаккале соғысындағы әскери өнерлері толық баяндалды. Мұстафа Кемалдың әскери лидерлігінің бір ғасыр өткеннен кейін де жол көрсетіп отырғаны дәріптелді.