Зеугма мұражайын бір миллион кісі тамашалады

Зеугма Мозаика мұражайы мен Газиантеп Археология мұражайы интернет мұражайы жүйесіне өтті.

1573760
Зеугма мұражайын бір миллион кісі тамашалады

Газиантептегі Зеугма Мозаика мұражайын өткен жылы интернет арқылы бір миллион кісі тамашалады.

Әлемдегі ең ірі мозаика мұражайының бірі Зеугма Мозаика мұражайы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті сақтық шаралары аясында зияратшыларын интернет арқылы қабылдауда.

2011 жылы 9 қыркүйекте ресми беті ашылған, 25 мыңы жабық, жалпы 30 мың текшеметр алаңға салынған Зеугма Мозаика мұражайы Ковид-19 індеті себепті өткен жылдармен салыстырғанда біраз тыныш. 

Газиантеп мұражай директоры Өзгүр Чомак Мәдени жәдігерлер және мұралар Бас директорлығының қолдауымен Зеугма Мозаика мұражайында және Газиантеп Археология мұражайында интернет мұражайы жүйесіне өткендерін білдірді.

Өзгүр Чомак:

Мұражайға келе алмағандар Мәдениет және Туризм министрлігінің интернет парақшасынан мұражайды онлайн аралайды. Мұражайды 2020 жылы интернет арқылы  бір миллион кісі тамашалады" деп көрсетті.

Президенттік Мәдениет және өнер үлкен жүлдесін алған мұражайда Сыған қызы мозаикасы, Марс мүсіні, АҚШ-тан әкелген бөлшектер, 150 текшеметрлік қабырға суреті, Рим дәуіріне тән су шүмектері мен Эвфрат өзені жағасындағы саяжайлардан табылған мозаикалар көрмеге қойылған.     



Ұқсас жаңалықтар